ТОҒЖАНОВ Ғаббас Садуақасұлы (1900. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Уәлиханов ауд. Жарқыл қонысы – 1937) – көрнекті сыншы. публицист. 1915-17 ж. Омбы гимназиясында оқыған. Қазақ жастарының “Бірлік”, “Жас азамат” ұйымдарын құруға қатысқан. 1919-22 ж. ЛКЖО Сібір бюросының қазақ және татар жастары секциясын басқарды. Ақмола губ. чекистерінің алқа мүшесі болды. САГУ-де (1922-23), Халық ш. ин-тында (1923-24, Мәскеу) оқыған, осы уақыттарда Орт. Шығыс баспасөзінің қазақ секциясының хатшысы, 1924-26 ж. РКП(б) ОК Баспасөз бөлімінің нұсқаушысы, 1926-28 ж. Қазақ өлкелік партия к-тінің баспасөз бөлімінің меңгерушісі. 1926-32 ж. “Еңбекші қазақ” газетінің редакторы, 1935-36 ж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, 1936-37 ж. Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесі жанындағы Өнер басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 1937 ж. қуғын-сүргін құрбаны болған, кейін ақталған.