ТОҚМҰРЗИН Тайжан Хамитұлы (5.10.1930. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Ғ.Мұсірепов ауд. Қарағаш а.) – ғалым, ауыл ш. ғыл докт. (1985), ҚР ҰҒА-ның корр. мүшесі (1992). Қазақ Ауыл ш. ин-тын бітірген (1953). 1959-63 ж. аспирант. ассистент, доцент. ал 1963 жылдан кафедра меңгерушісі. Негізгі ғыл. еңбектері орман ш. мәселелеріне арналған. Т. орман ш. өндірісін шоғырландыру және мамандандыру мәселелерін жазған. Қазақстан орманының көлемі мен саны және олардың сапасын бағатау туралы анықтамалық құрастырған. 80-нен аса ғыл. еңбектің авторы.
Ғ. Қадірәлі