Ткачев Иван Леонтьевич

ТКАЧЕВ Иван Леонтьевич (1920. Петропавл қ.) – соғыс ардагері, 3 дәрежелі “Даңқ” орденінің толық иегері. 1939 жылдан Қызыл Армия қатарында, ал 1941 жылдан майдандағы ұрыстарға араласқан. Севостополді қорғауға қатысқан. Екі жылға жуық уақыт Қырым тауларындағы партизан отрядында барлаушы, рота командирі болған. Соғыстан кейін Кемероводағы техникалық уч-шеде оқытушылық қызмет атқарған.