Тілеулин Жұмағали

ТІЛЕУЛИН Жұмағали (1890, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Ғ.Мүсірепов ауд. Шұқыркөл а. – 1938, Алматы) – “Алаш” қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің бірі. 1913 ж. Омбы әскери-мед. уч-щесін бітірген соң, мамандығы бойынша жұмыс істеп жүріп, қоғамдық өмірге белсене араласады. Әдеби және ағартушылық жұмыстармен де айнатысады. 1913 жылдан бастап “Айқап” журналы мен “Қазақ” газетінде мақалаларын жариялайды. 1911 жылғы “Айқап” журналында (№13) оның “Жас туғандарымызға” өлеңі жарық көреді. “Ат үстінде көрген түс” әңгімесінде ол қазақ халқының көкейтесті мәселелерін көтереді. 1917 жылғы “Қазақ” газетінде (№235) “Дәрігер Тілеулин Жұмағали туралы” атты мақала жарияланады. Екінші Жалпы-қазақтық съезде Т., автономиялық үкіметтің мүшесі ретінде Бүкілресейлік құрылтай жиналысына деттат болып сайланады. 1917 ж. билік басына большевиктердің келуіне байланысты “Алаш” партиясының біраз мүшелері, оның ішінде Т. де тұтқынға алыналы. Ақталып шыққаннан соң Т. оқытушылық және білім беру қызметіне белсенді түрде араласады. 1923 жылдын қараша айынан 1927 жылға дейін Т. пед. техникумның директоры болады. Мемл. Баспаның Бас редакторы А.Байтұрсыновтың тапсырмасымен ол гигиена жөнінен мектеп оқушыларына арналған оқулық жазады. Ол 1924 ж. Орынбор қ-нда басылып шығады, ал екінші кітабы 1927 ж. Қызылорда қ-нда жарық көреді. Бұл жылдары оның жұқпалы аурулар туралы кітабы жарық көреді. 1927 ж. Т. Петропавл обл. денсаулық сақтау саласына жұмысқа ауысады. 1930 ж. “Алаш” қозғалысының бұрынғы мүшесі ретінде тағы да тергеу басталады. 1932 ж. 5 жылға Воронеж обл-на жер аударылады. Белгіленген мерзім біткеннен кейін оған Қырғызстанда тұруға рұқсат беріледі. 1938 ж. Т-ді тағы да тұтқынға алып, ату жазасына бұйырады. 1958 ж. ақталған. Шығ.: Болезни глаз – трахома. М., 1924; Заразные болезни, М., 1926; Здоровье. Оренбург, 1926; Болезни, передающиеся от домашних животных. М., 1927.

Р. Шәймерденов