Тікелей эфир «Ғылымға арналған өмір»

2022 жылдың 15 шілдесі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық  әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде жерлесіміз, ғалым Уфа Ахмедсафиннің туғанына 110 жыл толуына орай «Ғылымға арналған өмір» тақырыбында танымдық сағат өтті.

Танымдық сағатты кітапханашы Дамира Серікбаева өткізді. Ол жерлесіміз, көрнекті ғалым, қазақ кеңес гидрогеологы, геология–минералогия ғылымының докторы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан КСР-інің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері Уфа Меңдібайұлы Ахмедсафиннің балалық шағы, отбасы, өмірбаяны, шығармашылығы, ғылыми саладағы еңбектері, атқарған қызметтері, марапаттары жайында жан-жақты баяндады.

#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #ҒылымғаАрналғанӨмір