«Ғарыш қыраны»

Тікелей эфир танымдық сағат «Ғарыш қыраны» Ұшқыш, Қазақстанның Халық қаһарманы Айдын Айымбетов 50 жаста. 2022 жылдың 27 шілдесі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде ұшқыш-ғарышкер, Қазақстанның Халық қаһарманы Айдын Айымбетовтың 50 жасқа толуына орай «Ғарыш қыраны» тақырыбында танымдық сағат өтті. Танымдық сағатты бөлім басшысы Майра Әшімова өткізді. Ол қазақ ғарышкері, Қазақстан республикасының азаматы, космосқа ұшқан әлемнің 545-ші ғарышкері, Қазақстанның Халық қаһарманы, Қазақстан Әскери-әуе күштерінің полковнигі Айдын Ақанұлы Айымбетовтың өмірбаяны, атқарған қызметтеріі, ғарыш ғылымына енгізген жаңалықтары, марапаттары, отбасы туралы жан-жақты баяндады.

#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение#Книги #Ғарышқыраны