Тікелей эфир «Сорайған солтүстіктің қарағайы» кітабы жайында

«Сорайған солтүстіктің қарағайы» аталған кітап Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің иегері, Ұлт қайраткері жазушы Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдығына орай оның бауыр баласы, белгілі журналист Сайын Шаймерденнің жетекшілігімен құрастырылған. Сафуан Шаймерденовтің шығармашылығын қастерлейтін қалың оқырманға арналған аталмыш топтама жазушының өмір жолын, шығармашылық шабытын, қайраткерлік келбетінің қалыптасуын жан-жақты саралап талқылаған эсселер мен естеліктерден, зерттеулер мен сұхбаттардан, өлеңдер мен ой толғаулардан тұрады. Эфирде жазушының жерлесі, ақын Самрат Құскенов кітаптың құрастырылуы, шығарылыуы жөнінде айтып берді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация#ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги#СорайғанСолтүстіктіңҚарағайыКітабыЖайында.