Тікелей эфир «Шешен сөздің шебері»

Биыл қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке бидің туғанына биыл 380 жыл. Осыған орай кітапханада «Шешен сөздің шебері» тақырыбына тікелей эфир өтті. Эфирде Әйтеке бидің өмірі, қызметі, шешендігі мен қайраткерлігі жайында баяндалды. Әйтеке би Тəуке ханның тұсында қазақ жұртының бір орталыққа бағынып, біртұтас ел болуына зор үлес қосқан. «Жеті жарғы» заңдарын жетілдіруге қомақты үлес қосты. Жоңғарлармен ұрыстарда қол бастаған батыр да болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі және халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.