2021 жылдың 10 ақпаны күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тікелей эфирде қазақтың әлемге әйгілі балуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толуына арналған «Қазақ жерінің мақтанышы» атты портрет кеші өтті.
Кешімізге Қазақстанның күрестен төрт дүркін чемпионы, халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жүлдегері, Қазақстанның құрметті спорт қайраткері, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, облысымыздың дарынды балаларға арналған спорт мектебінде 15 жыл директор болып қызмет атқарған Жамбыл Тасеменов қатысып, классикалық күрестен бірнеше дүркін әлем, Еуропа, Азия, Африка құрлықтарының чемпионы, ғаламат күштің иесі Қажымұқан Мұңайтпасовтың алдына жан салдырмаған спорт жампозы, бірнеше күрес әдістерінің майталманы, табиғаттың берген күшімен, өзінің парасаттылығымен, намысқойлығымен, айласымен қазақ ұлтын әлемге танытқанын тілге тиек етті.
Шараға «Атақты қазақ балуаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.