Тікелей эфир онлайн жоба «Ұлы дала мұрасы»

Елімізде жүргізіліп жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты мұраты – жас ұрпақ жүрегіне ұлы дала сарындарын дарыта отырып, әлемдік өркениетке өз ұлттық өрнегімізбен үн қосу.
Назарларыңызға ұсынылып отырған «Ұлы даланың көне сарындары» антологиясының алғашқы екі томдығына қазақтың көне музыкалық фольклоры, дәстүрлі ән өнері, аспаптық көне сарындар мен күй өнерінің таңдаулы үлгілері енгізілді. Кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ғылыми-танымдық түсініктемесімен берілді.
Антология мектеп оқушылары мен оқытушыларына, орта және жоғары оқу орындарының студенттері мен профессорлық құрамына, ізденушілер мен ғалымдарға, дәстүр мен халықтық музыкалық мұраларға қызығушылық танытатын көпшілік қауымға арналған.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы #ҰлыДалаМұрасы