2021 жылдың 6 сәуірі күні сағат 16.00 де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бірге оқимыз» онлайн жобасы аясында тікелей эфирде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 1 курс студенті Бергімұрат Қызғалдақ белгілі ақын, жазушы Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы туралы әңгімеледі.
Бұл романда ХХ ғасырдың басындағы қазақ елінің тұрмыс-тіршілігі, салт-санасы сол кездегі қазақ елінде болған келеңсіз жайттар, олқылықтар көрсетіледі. Жазушы сол кездегі әр қазақ шаңырағында болуға тиісті жайттарды суреттейді. Роман өмірде болған нақты оқиға негізінде жазылған. Романның кейіпкері момын, ешкімге зияны жоқ Сәрсенбай 40 жасқа дейін бәйбішесі Қалампырдан бала сүйе алмай, тоқал алуға мәжбүр болып, Шолпан деген әйелге үйленеді. Одан Жамал атты жалғыз қыз туады. Бетінен қақпай, еркелетіп өсірген қызы Жамалды әкесі Сәрсенбай билікке құмартып, ауқатты, бай Байжанның баласы Жұманға айттырады. Бірақ Жамал Ғали атты білімді, ақылды жігітке ғашық болады. Олардың қосылуына Жұманға айттырып қойғаны бөгет болса да, олар бір-біріне қосылуға серт берісіп, қашып кетеді. Екеуінің бақытты өмірі ұзаққа бармай, Ғали айықпас дертке шалдығып қайтыс болады. Содан кейін Жамал амалсыз бұрынғы айттырған Жұманға қосылады. Бірақ Жұманмен бақытты өмір сүре алмайды, ол қорлық көрсетеді. Қорлыққа шыдай алмаған Жамал соңында басқа жерге кетіп, біреудің шаруасына көмектессемде деп, Жұманның атына мініп кетіп қалады… Соңын романнан оқыңыздар.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#БіргеОқимыз