Тікелей эфир «Кітап – білім бұлағы»

2021 жылдың 1 қазаны күні сағат 17.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тікелей эфирінде «Кітап –білім бұлағы» тақырыбында балаларға арналған кітаптарға шолу жасалды.
Шолуды осы кітапхананың бөлім басшысы Майра Әшімова жасады. Ол балалар жазушысы Шәкен Күмісбайұлының 2021 жылы басылып шыққан жаңа туындысы «Бабамдай болғым келеді…», танымал жазушы Нұрдәулет Ақыштың 2021 жылы жарық көрген «Тау ішіндегі тауқымет», қазақ балалар әдебиетінің сарбаз-сардары, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын Сұлтан Қалиұлының «Менің елім», белгілі балалар ақыны Абдрахман Асылбектің «Балғын балалық», Динара Шәйжүнісованың «SUPER қыз»: Шабыт берер хикаялар, «Оқушының алғашқы энциклопедиясы», «Қазақ халқының жануарлар туралы ертегілері», Бибісара Қайымованың «Қазақстан халықтарының ертегілері», Бақыт Мұстафиннің балаларға арналған «Досыңды шақыр» атты әңгімелер жинағы туралы әңгімеледі. Бұл шығармалар жас жеткіншектерді туған жерін, өз Отанын сүюге, еңбекқорлыққа, батылдық пен батырлыққа, адалдық пен адамдық қасиеттерге тәрбиелейді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы #КітапБілімБұлағы