Тікелей эфир әдеби үзіліс «Кітап жыр әлемінде»

23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні. Адамға таптырмайтын бірден-бір пайдалы дос-кітап. Ешкімнің мазасын алмайтын, керек кезде жаныңнан табылатын, қиналғанда ақылшы болатын, үйреткен ақылына ақы сұрамайтын, жан сарайыңды серпілтетін, көңіліңе шабыт қондыратын, өзі үн қатпаса да, өзінің ішкі әлемімен елітетін, дұрыс таңдау жасауға жол сілтейтін, әрі адамды жалықтырмайтын серік деуге де болады. Білімділікке де баулитын –кітап.
Кітап туралы, кітаптың маңыздылығы жайында көптеген ақындар жырлаған. Солардың ішінде Абай, М. Әлімбаев, А. Асылбек, К. Салықов және т.б. Ал кітап туралы қанша қанатты сөздер қалдырған әдебиетшілер: Ы. Алтынсарин, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов…
Олай болса, кітап оқиық, рухани бай болайық!
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение#Книги #КітапЖырӘлемінде