![](https://skolib.kz/wp-content/uploads/2021/11/DSC06240-300x199.jpg)
Сәкен Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» хикаяты алмағайып кезеңде тағдыр тәлкегімен туған жерден қол үзіп қалған адамның сезімін, рухани өмірін бейнелейді. Шығарманың басты тақырыбы – Отанға деген махаббат. Туындыға тоталитарлық темір жүйе орнаған аумалы-төкпелі заман тұсында туған елден жыраққа кетуге мәжбүр болған Балзияның өмірі арқау болған. ХХ ғасырдың отызыншы жылдарындағы заман шындығы, ел санасын, тағдырын төңкерген оқиғалар легі Балзияның өмірі арқылы терең бейнеленеді. Баласы Заманайды туған еріне жеткізе алмаса да, немересі Аманайды Отанына қайтаруды арман еткен қарт ананың мұраты – шығармаға өзек болған. Парызын өтеп, өзі өмірден озған Балзия бейнесі – атамекенге деген ұлы сезімді асқақтата түскен қайталанбас образ.
Сәкен Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесінде туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншілік керемет суреттелген. Повестің бізге берер тәрбиесі, тағылымы мол. Бұл шығарма жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятып, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға, болашақ ұлтжанды ұрпақтар тәрбиелеуге көмектеседі.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы #БіргеОқимыз