Тікелей эфир «Ауылым — алтын бесігім»

Бүгін кітапханада жерлес жас ақын Самрат Құскеновтің қатысуымен «Ауылым — алтын бесігім» тақырыбына тікелей эфир өтті. Самрат туған жері Амангелді ауылы туралы ой толғады. Бұл ауыл облысымыздың Жамбыл ауданында орналасқан. Ауыл тарихы 1931 жылдан бастау алады. Ақын ауылынан шыққан көрнекті ақын-жазушылар, журналистер, кәсіпкерлер және т.б. танымал тұлғаларды атап өтіп, өзінің Амангелді ауылының тумасы, сондай танымал тұлғалардың ізбасары екенін мақтаныш тұтатынын айтты. Өзінің ауылына, мектебіне арналған «Ауылдың тіршілігін аңсап жүрмін», «Амангелді негізгі мектебіне», «Суаткөлге түсіп кет» өлеңдерін оқып берді. Туған жері, ауылдың қарттары жайлы «Аталарға сағыныш» атты кітап жазып жатқанын да айтты.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы #АуылымАлтынБесігім