«Тез оқуды үйреніңіз»

Бүгін С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхана «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы ұйымдастырған «Тез оқуды үйреніңіз» атты республикалық жылдам оқу сайысына қатысты. Сайыстың мақсаты – кітапханалар арасындағы байланысты нығайту, балаларды кітап оқуға қызықтыру, мұқият және тез оқуға, оқығанын түсінуге және есте сақтауға үйрету болатын. Сайысқа біздің өңірден С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 4-сынып оқушылары Шайхиден Абдулазиз, Жақсыбаев Ерасыл, Қанашева Анель және Қуаныш Әсел қатысты. Аталған іс-шара ZOOM платформасында өтті. Біздің кітапханадан бөлек, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми кітапханасы, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы да қатысты. Ережеге сәйкес, қатысушылардың мәтінді түсініп, дұрыс, мәнерлеп, жылдам оқуы бағаланды. Оқылған мәтінге байланысты әр сайыскерге екі сұрақ қойылды. Сайыстың нәтижесі бойынша балалар алғыс хаттарға ие болды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы #ТезОқудыҮйреніңіз