Тегісов Талғат Ахметұлы

 ТЕГІСОВ Талғат Ахметұлы (1916, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Есіл ауд. Қарағай а. – 1986) – еңбек ардагері, ауыл ш. өнеркәсіптерін ұйымдастырушылардың бірі. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген агрономы, ауыл ш. ғыл. канд. 1935 ж. Талғар совхоз-техникумын, 1940 ж. Ауыл ш. ин-тының агрон. ф-тін бітірген. 1941-46 ж. Көкшетау обл. МТС-нда директор. 1946-50 ж. Көкшетау обл. ауыл ш. басқармасының бастығы, 1950-54 ж. Боровский ауыл ш. техникумының директоры, 1954-57 ж. Көкшетау обл. “Симферопольский” астық кеңшарының директоры, 1957-59 ж. Талдықорған обл. ауыл ш. басқармасының бастығы, 1959-63 ж. Қарағанды обл. атқару к-ті төрағасының бірінші орынбасары. Республика Ауыл ш. министрінің орынбасары, 1963-81 ж. “Қаскелең” тәжірибе-көрсеткіштік ш-ның В.Вильямс атынд. Қазақ Егіншілік ғыл.-зерт. ин-тының директоры қызметтерін атқарған. “Өмір кезендері” кітабының авторы. Ленин, Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі”, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медалдермен марапатталған.

М.Елеусізов