Өтеев Сайлау Ғаббасұлы

ӨТЕЕВ Сайлау Ғаббасұлы (1939, СҚО қазіргі Есіл ауд. Өрнек а.) — а. ш. өндірісті ұйымдастырушы. Қазақ а. ш. ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық ун-ті) бітірген (1969). 1957 ж. жүргізушілер курсын аяқтаған соң, Боголюбов автокөлік мекемесінде (АТП), ”Амангелді” ұжымшарында, “Ильич” кеңшарында жұмыс істеген. 1969-76 ж. “Николаевский” кеңшарында агроном, Мәскеу ауд. “Бұлақ” кеңшарында бас агроном, директор, ал 1976-94 ж. осы ауд. “XXV-ші партсъезд” кеншарында директор қызметтерін атқарған. 1994-99 ж. “Колос” АҚ-ның президенті. 1999 жылдан ҚР А.ш. мин-не қарасты Петропавл аймақтық басқармасын басқарады. Қазақстан Жоғ. кеңесіне депутат болып сайланған. “Құрмет белгісі” орденінің иегері.