Ташмұхаметов Өмірәлі

ТАШМҰХАМЕТОВ Өмірәлі (1914, Петропавл қ.) — ғалым, биол. ғыл. докт. (1972). Қазан малдәрігерлік ин-тын (1934), Бүкілодақтық Тәжірибелік малдәрігерлік ғыл.-зерт. ин-тының аспирантурасын (1942) бітірген. КСРО Жер Хал. ком-інде, Қазақ малдәрігерлік ғыл.-зерт. ин-тында биохимия лаб-ның меңгерушісі, директордың ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары, Семей зоовет ин-тының ректоры. 1962—83 ж. биохимия лаб-ның меңгерушісі, 1983—87 ж. Қазақ КСР ҒА Тәжірибелік биология ин-тында ғыл. кеңесші қызметтерін атқарған. Ғыл. еңбектері негізінен, ауыл ш. малының биохимиясына арналған. Т. қойдың әр түрлі тұқымдарының қан құрамының биохимиясын зерттеп, аусыл вирусын топтау және тазарту әдістерін жасаған, қойдың тен-тек ауруы белгілері және оны емдеу әдістеріне арналған антиген тапқан. Үкіметтік марапаттардың иегері.