Тасболатов Абай Бөлекпайұлы

ТАСБОЛАТОВ Абай Бөлекпайұлы (21.9.1951, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Есіл ауд. Николаев а.) — тарих ғыл. канд. (1992), проф., кейін әскери академияның, генерал-майор (2002). РФ Әскери ғылымдар академиясының корр. мүшесі. 1973 ж. Алматы жоғары жалпы әскери уч-щесін бітірген. 1983 ж. Фрунзе атынд. Әскери академияны бітірген. Алматы уч-щесінде қызметін жалғастырған. 1991 ж. желтоқсан айынан жоғары оқу орындарының бөлімдері мен ҚР ГКО әскери мекемелерден тыс дайындық штабын басқарған. 1992 ж. Алматы әскери уч-щесінің бастығы. 2002 жылдан ҚР Корғаныс министрінің орынбасары. 2006 ж. Республикалық Ұланның қолбасшысы. “Қазақстанның әскери тарихы” кітабының, бірнеше монография мен очерктің авторы. 30-дан аса оперативті-тактикалық және тактикалық-арнаулы бағыттарды жетілдірген. 2006 ж. республика ұланының қолбасшысы. 2-дәрежелі “КСРО Қарулы Күштерінде Отанына қызметі үшін” орденімен және медалдермен марапатталған.

П.Зубарев