«Тарихи мұра» Амандық Жантеміров

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, жазушы Амандық Жантеміров облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырылған әкеден-балаға, баладан кейінгі ұрпаққа қасиетті мұра ретінде сақталып, жеткізілген қасқыр ішіктің тарихына тоқталды. Оқиға 1953 жылы болған. Сол жылы қыс қатты суық болып, аш қасқырлар қорадағы малға шапқан. Әкесі қораға түскен қасқырды соғып алып, кейін ішік тіккізіп, оны өзі, кейін балалары киіп, Наурыз мейрамы күндері Мәдениет ошақтары киіз үйлерге ілген. Осы 1953 жылдан бері сақталған қасқыр ішік тарихи мұра ретінде 2020 жылы тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылған.
#БиблиотекаимСМуканова#ЛучшаяБиблиотекаРК#СамыйЧитающийРегионСКО#Информация#Мероприятия#Книги#Чтение#Коворкинг#ПарасатЖолы#АмандықЖантеміров