Тарих сағаты «Батырдың өшпес өнегесі» (Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл)

2022 жылдың 5 тамызы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған тұңғыш қазақ ұшқышы Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Батырдың өшпес өнегесі» атты тарих сағаты өтті.
Тарих сағатын осы кітапхананың бөлім басшысы Майра Әшімова өткізді. Ол Авиация генерал-майоры, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған жалғыз қазақ, «Барыс» орденінің иегері Талғат Бигелдиновтің Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиян-кескі әуе ұрыстарында көрсеткен ерен ерліктері туралы жан-жақты баяндады.
Қазақтың текті қыраны, жеті қат көкте жаумен қисапсыз жағаласқанда жүрегі әсте шайлығып көрмеген, ел бағына туған қаһарман ұлы Талғат Бигелдинов қазақ халқының мақтанышы. Оның ерлік жолы жас ұрпаққа үлгі.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #БатырдыңӨшпесӨнегесі