«Тарих күні» «История Наурыза» Этнографический этюд

Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Орта Азия халықтарында бес мың жыл бойы аталып өтілуде. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны береді. Наурыз мейрамы – діни мереке емес. Бұл қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады.
Бұл мереке Ислам дәуіріне дейін тойланып, халық арасында ерекше қолдауға ие болып келеді.
Наурыз мерекесінің туу тарихы турасында талас көп. Көбі ел аузындағы аңызға жүгінеді. Аңыздың өзі сан алуан. Дегенмен, аңыздың түбінен ақиқаттың бір ұшы қылт ететіні рас…
1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен Наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылып, сынын жоғалтқан мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.
«Қазақ» газетінің 1913 ж. шығарылымында Наурыз деген мақала бар. Онда Наурыз – қазақша жыл басы делінген. Осымен қатар қазақ даласында наурыздың осы айдың әртүрлі күні тойланатыны туралы аңғаруға болады: «Бұл кезде ол ғұрып қазақ арасында қалып бара жатқан секілді, наурыздың қай айда, қай күні болуы хақында әртүрлі сөйленеді. Біреулер наурыз марттың бірінде, екіншілер тоғызында келеді деседі». «Қазақ» газетінің 1915 ж. шығарылымындағы «Оренбург 9 март» деген тақырыппен берілген мақала «Бүгін жыл басы наурыз» деп басталып аяғы «Наурыз¬бен құттықтап, жаңа жыл жайлы болуын тілейміз» деген жолдармен аяқталады. Ал 1925 ж. басылған «Еңбекші қазақ» газетінің 22 наурызда шыққан санында бірінші бетте құттықтау берілген. Наурыз туралы құнды мәліметтерді 1927 ж. М.Әуезовтың кітабынан табамыз.
Осы және тағы да басқа ақпарат – бүгінгі тікелей эфирде…
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #ИсторияНаурыза