«Талантқа тағзым»

2021 жылдың 22 сәуірі күні сағат 15.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ұлы тұлғасы, жерлесіміз академик-жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 121 жыл толуына арналған «Талантқа тағзым» атты Мұқанов оқулары өтті.
Шараға М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының студенттері мен оқытушылары, «Қаламгер» клубының мүшелері, С.Мұқановтың жерлестері қатысты.
Шараны Сәбит Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның бөлім басшысы Майра Әшімова жүргізді.
М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, ғылым магистрі Мақашева Сәуле Мырзабекқызы «Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы» тақырыбында баяндама жасады.
Шара барысында Сәбит Мұқановтың шығармаларынан үзінділер оқылды. Ерік Асқаров атындағы облыстық жас ақындар мектебінің түлегі, қазір Еуразия университетінің 1 курс студенті Алмагүл Тастанова С.Мұқановтың «Мен кіммін деп мақтанам» атты өлеңін, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 1 курс студенті Қызғалдақ Бердімұрат «Оң сапарға» атты өлеңін, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 4 курс студенті Мәди Шәмшімет «Қызылжар» атты өлеңін мәнерлеп оқып берді.
Сәбит Мұқановтың жерлестері – ҚР Құрметті журналисі, Мәдениет қайраткері Жантеміров Амандық Мырзахметұлы және белгілі журналист Қали Қошан Тортайұлы естеліктерімен бөлісті.
Шараға қатысушылар «Аса көрнекті жазушы» атты кітап көрмесін тамашалады.Слайд көрсетілді. Кітапханамыздағы Сәбит Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай-бөлмесіне экскурсия жасалды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#ТалантқаТағзым