«Талантқа тағзым»

2022 жылдың 22 сәуірі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде жерлесіміз, көрнекті жазушы Сәбит Мұқановтың туғанына 122 жыл толуына арналған «Талантқа тағзым» атты Мұқанов оқулары өтті.
Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ұлы тұлғасы, жерлесіміз академик- жазушы Сәбит Мұқанов қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Оның осындай ұлан-ғайыр творчествосы туралы осы кітапхананың бөлім басшысы Майра Әшімова жан-жақты баяндады. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті жанындағы Тіл және әдебиет институтының студенттері Қызғалдақ Бердімұрат пен Қарақат Нұржанова Сәбит Мұқановтың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып берді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение#Книги #ТалантқаТағзым