ТАЙЖАНОВ Ерлік Серікбайұлы (30.5.1960. қазіргі Жамбыл ауд. Есперлі а.) — ғалым, заң ғыл. канд., ген.-майор. ҚР ҰҚК-тінің құрметті қызметкері. Қарағанды қ-ндағы КСРО ІІМ-нің жоғ. мектебін бітірген (1984). Еңбек жолын 1977 ж. Благовещен с-нда механизатор болып бастаған. 1984-93 ж. КСРО қауіпсіздік к-тінің құрамында Қызылорда обл. бойынша оператпвті және тергеу бөлімдерінде қызмет атқарған. 1993-2000 ж. ҚР ҰҚК-тінде жауапты қызметте болды. 2000-2001 ж. ҰҚҚ Солт. Қазақстан обл. бойынша департаментінің, 2001 жылдан ҚР ҰҚК Астана қ. бойынша департаментінің бастығы. Құқық қорғау ұйымдары үйлестіру кеңесінің мүшесі. Т. самбо және қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберлігіне канд., Солт. Қазақстан каратэ федерациясының құрметті президенті. Төрт мед-мен. “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл”, “Ұлттық қауіпсіз етуде үлесі үшін”, 2 белгімен марапатталған.