«Табиғаты өзгеше дарын».

Тікелей эфир «Табиғаты өзгеше дарын».
2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды. Төлен Әбдік — қазақ прозасында ерекше қолтаңбасы бар, қазақ әдебиетіне философиялық проза жанрын ала келген жазушы ретінде танымал. Жазушының алғашқы жарияланған әңгімелерінен, соңғы жазған романдарына дейін, жұртшылықтың жүрегінен жол тауып, оқырмандардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Төлен Әбдікұлы жазған пьесалар бойынша спектакльдер қойылды, сценарийлары бойынша кинолар түсірілді.
«Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақтар» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979), «Өліара» (1985), «Оң қол» (2002), «Парасат майданы» (2012) және т.б. кітаптары жарық көрді. Грек аңыздары «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударған. 1980-1981 жылдары әңгімелері мен повестері орыс тілінде «Истина» деген атпен жарық көрген. Бірнеше шығармалары шетел тілдеріне аударылған.
Жазушыға 2002 жылы отандық әдебиетті дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
2003 жылы Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлық пен алтын медалі берілді, 2004 жылы «Парасат майданы» повесі үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
2013 жылы Төлен Әбдік «Түркі әлемінің үздік жазушысы» атанды. Сонымен қатар 2013 жылы көрнекті еңбегі үшін «Парасат» орденімен, 2019 жылы ұлттық әдебиеттің дамуына қосқан үлесі үшін бірінші дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги