«Тұңғыш Президент: Тұлға. Тарих. Тағылым» Ербақыт Амантайұлы, «Солтүстік Қазақстан» бас редакторы

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл еліміз үшін айтулы мереке. Мереке қарсаңында кітапханада «Солтүстік Қазақстан» облыстық газетінің бас редакторы Ербақыт Амантайұлының қатысуымен «Тұңғыш Президент: Тұлға. Тарих. Тағылым» тақырыбына тікелей эфир өтті. Осы мереке үшін дәл осы күннің таңдалуын түсіндіріп өтті. Ербақыт Амантайұлы журналистік қызмет бабымен Елбасының өңірімізге сапарларының аясындағы кездесулері туралы естеліктерімен бөлісті. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өңірімізде ашылған орындар туралы айтып берді. Елбасы тұлғасы уақыт өткен сайын асқақтап, қадір-қасиеті арта беретініне сенім білдірді. Сөз соңында кітапхана оқырмандарын, көрермендерді алда келе жатқан Тұңғыш Президент күнімен және Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы #ТұңғышПрезидентТұлғаТарихТағылым