«Тәуелсіздік үшін күрескен тұлға» мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың туғанына 130 жыл

2020 жылдың 25 желтоқсаны күні сағат 15.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тікелей эфирінде М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Зылыйқа Бимақанова «Тәуелсіздік үшін күрескен тұлға» тақырыбында туғанына 130 жыл толғалы отырған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, Түркістанның бірлігі мен тәуелсіздігін ту етіп, оны өмірлік мұратына айналдырған, сол жолда құрбан болған Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қайраткерлік, жанқиярлық қызметі мен шығармашылық мұрасы туралы баяндайды.