ТӘТТІБАЕВ Орал Балқайұлы (1934. қазіргі Есіл ауд. Ақтас а.) — ардагер механизатор. Тыңайған және тың жерлерді игеру жылдары уақыттан бері бұрынғы Москва ауд. “Бұлақ” кеңшарында механизатор болып жұмыс істеген (1954-90). КСРО Мемл. сыйлығын алған. Ленин, Қазан революциясы, “Құрмет Белгісі” орленлерімен және бірнеше медалмен марапатталған.
С.Құлағамбет