Тәшенов Казис Тәшенұлы

ТӘШЕНОВ Казис Тәшенұлы (1.8.1928. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Ақсу а.) – физиолог-ғалым, биол. ғыл. докт. проф. ҚР ҰҒА-ның акад. Киров атынд. Омбы ауыл ш. ин-тын бітірген (1952). 1952-56 ж. Қазақ КСР ҒА Тәжірибелік биология ин-тында аспирант. кіші ғыл. қызметкер, 1956 ж. аға ғыл. қызметкер, лаб. меңгерушісі, директордың ғыл. істер жөніндегі орынбасары. Қазақ КСР ҒА Физиология ин-тының директоры (1986-90). ҚР ҰҒА Биология және медицина ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы, Президиумының мүшесі (1990-94 және 2000-2003) болған. Ғыл. еңбектері ауыл ш. малдарының физиологиясын зерттеуге арналған. Т-тің жетекшілік етуімен ауыр металдардың иондарының (қорғасын, кадмий, рений, хром) бауырдың зат алмасу функциясы мен секрециясына әсері және оларды организмнен табиғи адсорбенттерді қолдану арқылы шығару мәселелері зерттелген. 250 ғыл. еңбектің, оның ішінде 4 монография мен шет елдерде ағылшын, неміс чех тілдерінде жарық көрген 20 ғыл. жұмыстың авторы. Қазақ Физиол. қоғамының президенті. Халықар. Физиология ғылымдары одағының және Рыцарлардың конфедерациясы Бүкіл-әлемдік Парламентінің Үлкен кеңесінің мүшесі. Халықар. “Белый крест” орденімен және медалдермен марапатталған. Т. есімі Қазақстанның Алтын кітабына енгізілген. Соч.: Деятельность пищеварительных желез у лактирующих животных. А-А., 1969: Закономерности всасывательной деятельности желудочно-кишечного тракта. А-А., 1985; Региональная лимфогемодинамика и лимфообразование. А., 1997 (в соавт.).

Х.Дүйсембин