Тұрсынбаев Жоламан Қайменұлы

ТҰРСЫНБАЕВ Жоламан Қайменұлы (1947, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Есіл ауд. Оседлое с.) – композитор. 1965 ж. Петропавл пед. уч-щесің. 1967 ж. Алматы қ-ндағы Абай атынд. Опера және балет театрының жанындағы екі жылдық вокальдық-хор студиясын, кейін Құрманғазы атынд. Алматы консерваториясын бітірген. 1976-78 ж. консерватория жанындағы аспирантурада оқыған. Еңбек жолын респ. радиода муз. хабарлар таратудын аға редакторы болып бастаған (1972-76), 1979-84 ж. “Өнер” баспасының Бас редакторының орынбасары, 1984-87 ж. Қазақ теледидарының муз. бағдарламаларының Бас редакторы, 1989-95 ж. ҚР Мәдениет мин. Репертуарлы-редакциялық атқасының музыка жөніндегі бас сыншысы қызметтерін атқарған. 1996 жылдан шығарм. жұмыстармен айналысады. Бүкілодақтық және респ. әндер конкурсының лауреаты. Т. Альтқа, оркестрге, электрорганға арналған концерт жазған (1975). Хорға, жеке дауыста орындайтын әншілерге, оркестрге арналған “Континенттер жауап беріңдер!”, “Жайлауда” (1978), “Шоқан жайлы әңгіме” (1982), “Абай көктемі” (1995), «Жамбылдың халыққа арнауы» (1996) кантаталарын, Құрманғазы атынд. халық аспаптар оркестеріне арнап көптеген шығармалар. Сондай-ақ 100-ден аса әндердің авторы. Театр қойылымдарына, “Сиқырлы қарбыз” мультфильміне музыка жазған. Т. 80-нен аса қазақ хатық әндерін дауысқа, фортепьяноға арнап өңдеген.

М.Ключеров