Тұралин Марат Сексенбайұлы

ТҰРАЛИН Марат Сексенбайұлы (9.07.1938. Баян с. Солт. Қаз. обл. Преснов ауд.) – мемл. қызмет ардагері. Қазақ мемл. ауыл ш. ин-тын (1966 ж.), КОКП ОК жанындағы Жоғары парт. мектебін (1972 ж.) бітірген. Еңбек жолын Солт. Қаз. обл. Преснов ауд. “Приишимский” кеңшарында агроном болып бастаған, кейін комсомол қызметінде нұсқаушы. Солт. Қазақстан обл. комсомол комитетінін екінші хатшысы. 1972-76 ж. Со.тг. Қазақстан обл. парт. комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары, бірінші хатшының көмекшісі. 1976-91 ж. Солт. Қазақстан обл., Қызылорда және Жамбыл обл. МҚК басқармаларының бастығы. Республика МҚК орталық аппаратында қызымет еткен. Сегіз медалмен және бірнеше грамоталармен марапатталған. Қазір Солт. Қазақстан обл. бойынша ҰҚК ардагерлері ұйымын басқарады.