Сыздықов Нияз Салықұлы

СЫЗДЫҚОВ Нияз Салықұлы (1925. қазіргі Есіл ауд. Еңбек а. – 2000. Алматы қ.) — белгілі журналист, жазушы. аудармашы. Қазақстанның еңбек сің. мәдениет қызметкері. ҚазМУ-ды (қазіргі Әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-ті) бітірген. Еңбек жолын обл. “Солтүстік Қазақстан” газетінде бастаған. Кейін әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Талдықорған. Алматы обл. газеттерінде жауапты хатшы, 1962-68 ж. Қазақстан ОК-нің үгіт және насихат бөлімінде сектор меңгерушісі, респ. радиохабарынтарату басқармасының бастығы. Қазақ энииклопедиясында (ҚСЭ) бөлім меңгерушісі. 1972 жылдан Қазақстан ОК жанындағы партия тарихы ин-тының редакциясы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. “Құрмет Белгісі” (1983) орденімен марапатталған. Ол С.Смирновтың “Брестская крепость” повесін, Т. Томаштың “Утренняя заря” кітабын, О.Гончаровтың “Заря”, Ю.Бондаревтің “Берег”, Ф.Достоевскийдің “Идиот”, т.б. романдарды орысшадан қазақшаға аударған. Әдеб.: Казахский катендарь. А., Издательский дом Казахстана, 2004.

Г.Муканова