Сыздықов Қайыргелді Садықұлы

СЫЗДЫҚОВ Қайыргелді Садықұлы (6.7.1965, қазіргі Аққайың ауд. Новороссийск с.) – өндірісті ұйымдастырушы. Қиялыдағы 50-ші орта кәсіптік-тех. уч-щесін (СПТУ-50) және Омбы ауьш ш. ин-тын (1988) бітірген. 1988-89 ж. Алматы қ-ндағы Бүкілолақтық ауыл ш. аэрофотогеодезиялық зерттеулер ин-тында, 1989—91 ж. Қазақстан мемл. агроөнеркәсібінің құрылыс-монтаж басқармасында (СМУ), 1991-98 ж. Респ. “Казавтомотосервис” өндірістік бірлестігінде инженер. “Авто-мотосервис”-те бөлім бастығы. “Қамқор-2” ақылы автотұрағының бастығы. АХК “Қамқ-ор-Холдинг” дүкенінің директоры. АҚ “Қамқор-4” төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 1998-2002 ж. Петропавл қ-нда “ЛОНИ” ЖШС-нің, 2002-2003 ж. “Казагрофинанс” ЖАҚ-ның Петропавл бөлімшесінің директоры болған. 2003 жылдан обл. жолаушыларды тасымалдау көліктері мен автомоб. жолдары департаментінің бастығы. “Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл” медалімен марапатталған.