СЫРҒАБЕКОВ Нығмет (1900, Петропавл уезі (қазіргі Аққайың ауд.), Жамантұз болысы – 1937) – мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату үшін болған ұрыстарға қатысқан. 1920-24 ж. Ақмола губернпясы рев. к-тінің және губ. атқару к-тінің нұсқаушысы, губ. әскери трибуналдың мүшесі, Қырғыз (Қазақ) обл. к-тінің нұсқаушысы болған. 1924-26 ж. Жоғ. сот коллегиясының мүшесі. Қазақстан Жоғ. соты қылмыстық істер бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 1926-28 ж. Жетісу губ. сотының төрағасы, республика прокурорының орынбасары, 1928-29 ж. Қазақстан Жоғ. сотының төрағасы. 1929-31 ж. Респ. Жерге орналастыру басқармасының бастығы, Респ. Отырықшылыққа көшіру к-ті төрағасынің орынбасары, 1932 ж. халық комиссары, 1932-33 ж. Шығыс Қазақстан обл. атқару к-тінің төрағасы, 1933-37 ж. Егін ш. хатық комиссары қызметтерін атқарған. Қазақ өлкелік к-тінің мүшесі (1929-37), Қазақстан Компартиясы ОК бюросының мүшесі (1937). БОАК-нің және Қазақстан ОАК-нің мүшесі (1929). 1937 ж. қуғын-сүргінге ұшырап, атылған кейін ақталған, Петропавл қ-ндағы бір көшеге С. есімі берілген. Әдеб.: Қазақстан. “Қысқаша энциклопедия. 1-т. А.-А., 1985.
В. Трусов