Стрик Иван Мифодиевич

СТРИК Иван Мифодиевич (1926. СҚО қазіргі Есіл ауд. Заградов с.) — қызметкер. 2- дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1943-56 ж. Кеңес армиясында қызмет еткен. 1956-64 ж. “Петропавлстрой” тресінде жұмысшы, қалалық партия к-тінде 2-хатшы, 1964-84 ж. қалалық атқару к-тінің төрағасы, Арқалық қ-лық партия к-тінің 1 -хатшысы қызметтерінде болған. Петропавл қ-нда көлік жүйесінің, сауда және жалпы білім берудің, тұрғын-коммуналды құрылыстың дамуына зор үлесін қосқан. Бірнеше соғыс және еңбек марапаттары бар.