Станчак Николай Михайлович

СТАНЧАК Николай Михайлович (20.5.1958. қазіргі Қызылжар ауд. Надежка с.) — өндіріс ұйымдастырушысы. Петропавл эконом.-есеп техникумын (1977), Атматы жоғары партия мектебін (1987), Омбы политех. ин-тын (1995) бітірген. Еңбек жолын Петропавл жылжымалы механикаландырылған колоннасында слесарь-сантехник болып бастаған. Кеңес армиясының қатарында қызмет еткен. 1979-81 ж. Петропавл авиа-отрядының инженері, бастығы болған. 1981-88 ж. қататық аэропортта комсомол к-тінің хатшысы. Куйбышев ауд. партия к-тінде нұсқаушы, 1988 -96 ж. “Атқарушы механизмдер” з-тында партия ұйымы хатшысының орынбасары, хатшысы, директордың кадр және әлеум. жағдайлар жөніндегі орынбасары, 1996-2001 ж. осы з-ттың “Сауда үйі” бөлімшесінде, 2001-2005 ж. “Мұнаймаш” АҚ-нда президент, кейіннен бас директор қызметтерін атқарған. 2005 жылдан осы мекеме басқармасының төрағасы. Петропавл қ-лық мәжілісіне депутат болып сайланған. “Әскери қызметтің үздігі” (1978), “КСРО қарулы күштеріне 70 жыл”, “Ерен еңбегі үшін” медалдерімен және облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталған (2000).