Кітапхана – мәдениетті дамытатын және өз қорында халықтың өткені мен болашағын сақтайтын киелі орын. Қазіргі сұраныс технологияны біліп қана қоймай, сонымен бірге оны сауатты түрде қолдануды қажет етеді.
Бүгiнгi тaңдaғы қоғамның өркениеттік деңгейге көтерілуі, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді.
Кітапханалар әлеуметтік желілерде: Facebook, Mail.ru, ВКонтакте, Instagram парақшаларында пайдаланушыларға әдебиеттердің виртуальді шолуын, экскурсия, кітапханада өткізілетін әртүрлі іс-шаралар, қажет әдебиеттерге онлайн қолжетімділік туралы ақпарат жеткізіп тұрады.
Біз де өз оқырмандарымен тек кітапхана ішінде ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік желілерде әрқашан байланыстамыз.
Қазіргі сәтте біздің пайдаланушылар кітапхананың қызметімен «Facebook», «Instagram», «Youtube» әлеуметтік желілер арқылы таныса алады.
Сонымен қатар skolib.kz сайтында «Электрондық кітапхана», «Электрондық каталог» құралдармен, «Туған жер», «Мағжан», «Солтүстіктің інжу-маржаны» порталдарымен таныса аласыздар! Толығырақ – бүгінгі эфирде!
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #СоциальноЗначимыеОнлайнСервисыСетиИнтернет