СНОПКОВ Сергей Васильевич (9.7.1958, Петропавл қ.) – діни қызметкер. Петропаат қ-ндағы христиан дінінің уағыздаушылары Петр мен Павел шіркеуінің бастығы. Мәскеу діни семинария мен академиясында оқыған. 1989 ж. православиелік шіркеуде попқа жәрдемші діни қызметкер дәрежесіне қол кусырған соң Петропавлдегі Всехсвятнх шіркеуіне жіберіледі. Поп мәртебесіне қол қусырған соң 1992 ж. “Байқоңыр” ғарыш айлағындағы ұлы Георгий Победоносец құрметіне сондағы шіркеу қарауындағы қауымның аға попы болып сайланған. Семинарияны бітірген соң Қазақстан епархиясының шіркеу қарауындағы қауымында псаломщик, регент, православиелік шіркеуде попқа жәрдемші діни қызметкер, шырақшы қызметтерін атқарған. 1992-94 ж. «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Қасиетті Георгиев шіркеуінің шырақшысы болып, 1994 ж. Петропавл қ-на қайта оралды. Солт. Қазақстан обл. шіркеулерінің жоғары дәрежелі қызметкері және Петропавл қ. Всех-всятых шіркеуінің шырақшысы болды. С. Қазақстан Халықтары ассамблеяларының және кіші Ассамблеятарының мүшесі. Жекеменшік мектеп-гимназиясын ашумен қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен айналысады.