Сибиряк Иван Петрович

СИБИРЯК Иван Петрович (1932, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Ғ.Мүсірепов ауд. Князев с.) – еңбек ардагері. Социалистік Еңбек Ері (1967). Еңбек жолын 1944 ж. жергілікті ұжымшарда бастаған. Механизаторлар курсын бітірген соң Старобель МТС-нда тракторшы болып қызмет атқарған. 1951-55 ж. Кеңес Армиясы қатарында қызмет атқарған. Армиядан босағаннан кейін бұрынғы МТС-та, кейіннен Чистополь с-нда жұмыс істеген.