Шварц Христиан Готфридович

ШВАРЦ Христиан Готфридович (1912, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Қызылжар ауд. Петерфельд с. – 1998. Германия) – Социалистік Еңбек Ері (1952). 1943 жылдан Интернациональный және Петропавл МТС-терінде механизатор болып жұмыс істеген. 1965 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін Бескөл ауд. ”Петерфельд” кеңшарының машина-трактор шеберханасының меңгерушісі болды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталған.