ШЕВЧЕНКО Сергей Павлович (21.10.1927, Солт. Қазақстан обл. Аққайын ауд. Борки с. – 2001) – прозашы, публицист, киноға мәліметтер әзірлеуші. Қазақстан Жазушылар Олағының мүшесі. Ауыл мектептерінде сабақ берген. Халыққа білім беру мекемелерінде жұмыс істеп, Петропавл пед. нн-тында оқытушылық қызметте болған. 1965 жылдан Павлодар қ-нда тұрып, теледидар студиясын басқарған, “Звезда Приишимья” газетінде редактор болып жұмыс істеген. “Бүгін сіздердің тамашалайтындарыңыз”, “Алыста зеңбіректер дүрсілдейді”, “Екібастұз”, “Әлемнің ең шетінде”, “Мұра”, “Кетеріңде бұрылып қара”, т.б. кітаптарының авторы. Бұл кітаптарда соғыс жылдары, соғыстан кейінгі құрылыстар, тың жерлерді игеру, қайта құру кезендері жайлы жазылған. Ш. деректі фильмдердің сценарийлерін, мақалалар мен очерктер жазған. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері.