Шегеда Василий Иванович

ШЕГЕДА Василий Иванович (14.3.1929, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Тайынша ауд. Аврамов а.) – Социалистік Еңбек Ері (1971). 1953 жылдан “Казанский” кеңшарында тракторшы, комбайншы болып жұмыс істеген. Үнемі жоғары өнеркәсіптік көрсеткіштерге жетіп отырған. Ленин, Қазан революциясы ордендерімен және медалдермен марапатталған.