ШАТОХИН Виктор Федорович (1929. Солт. Қазақстан обл. Мамлют ауд. Орел с.) – Социалистік Еңбек Ері (1981). Тракторшылар курсын бітірген соң, ‘”Красный орел” ұжымшарында жұмыс істеген. Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеп келген сон, жүргізуші, комбайншы болған. 1961 жылдан бастап “Искра”, кейін “Становский (1963) кеңшарларының трактор-егіс бригадасына жетекшілік еткен. Ленин. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен марапатталған.