Шандыров Торғай Кенжеғалиұлы

ШАНДЫРОВ Торғай Кенжеғалиұлы (29.8.1935, Ғ.Мүсірепов ауд. Раисов с. — 1.2.1999. Петропавл қ.) – еңбек ардагері. Петропавл мех. техникумын, Орал политех. ин-тын (1965), КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1974) бітірген. Петропавл қ-ндағы Куйбышев атынд. з-тта инженер-құрастырушы, комсомол к-тінің хатшысы, нұсқаушы, Петропавл қ-лық партия к-тінің транспорт және өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, обл. партия к-тінің өнеркәсіп-транспорт бөлімінің меңгерушісі болған. 1972-75 ж. Солт. Қазақстан обл. атқару к-ті төрағасының орынбасары, обл. партия к-тінің хатшысы (1988 жылға дейін). 1988-95 ж. ҚР Мемл. Табиғат к-ті төрағасының орынбасары. к-т таратылған соң Экология және биоресурстар министрінің орынбасары, ҚР Мемл. стандарттау к-тінің кадрлар бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен және медалдермен марапатталған.