Шаймерденов Ілияс

ШАЙМЕРДЕНОВ ІЛИЯС (1915. Солт. Қаз. обл. Жамбыл ауданындағы Айтуар ауылы – 24.9.1959; Қарағанды қ.) – көрнекті әнші. Ауыл молдасынан хат таныған ол Петропавл қаласындағы екі жылдық педагог. ин-ты бітірген соң Мәскеудегі мемл. консерваторияда, кейін Новосибир педагог. ин-тын тамамдаған. Ленинград мемл. консерваториясыда білім атған, Павлодар обл. жаңадан ашылған мектептерге басшылық еткен. Қазақтың халық әндерін баритон дауыспен барынша асқақтата салатын ол, Қазақтын мемл. ән-күй филармониясының әншісі болып қызмет еткен. осы ұжымға басшылық жасап. 1936 жылы қазақ өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысқан әншілердін бірі. 1943-45 ж. Қазақтың мемл. драма театрын, кейін Қарағанды драма театрын басқарды. Қазақ музыка тарихын зерттеуші, композитор А.Затаевич “Қанатталды”, “Қарғаш” тәрізді халық әндерін. Біржан салдың “Жанбота”, Мәдидің “Қаракесек”, “Қарқаралы” деген әндерін осы Ш. айтуында граммофон пластинкасына түсірген. Атақты композитор. акад. Ахмет Жұбанов “Замана бұлбұлдары” кітабында (Қазмемкөркемәдебиет баспасы. Алматы, 1963 ж.): “… Ақмола төңірегінің әндерін Алматыға бірінші алып келген адам – Ілияс Шаймерденов болды. Ол “Қаракесек”, “Қарғаш”, “Алқоңыр”, “Сарыарқа”, “Сентябрь” спяқты әндерді жеткізді”, — деп жазды. Дарынды әншінің репертуарындағы “Қарғам-ау”, “Назқоңыр”, “Ғайни”, Біржанның “Бұрылтай”, “Жанбота”, “Біржансал”, Ақын серінің “Сырымбет”, “Құлагер”, Мұхиттың “Айнамкөз”, “Паң көйтек”, Әсеттің “Інжу-маржан”. Үкілі Ыбырайдың “Қалдырған”, “Шалқыма” әндері таспаға түскен.

Әдеб.: Ахмет Жұбанов. Замана бұлбұлдары. Қазмемкөркемәдебиет баспасы. А., 1963 жыл.

Т. Қаупынбайұлы