Шаймерденов Ербол Шаймерденұлы

ШАЙМЕРДЕНОВ Ербол Шаймерденұлы (12.5.1954, Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Жаңажол а.) – ақын, публицист. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. әл-Фараби атынд. ҚазМУ-ды және С.Сейфуллин атынд. Ақмола агр. ун-тін бітірген. “Солтүстік Қазақстан”, “Жас алаш”, “Егемен Қазақстан” газеттерінің редакцияларында қызмет істеген. 11-және 13-шақырылған Қазақстан Парламентінің ақпарат қызметін басқарған. 1997 – Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Мин. тілдерді дамиту жөніндегі департамент директоры, ҚР Үкіметі жанындағы терминология жөніндегі Мемл. комиссия төрағасының орынбасары. Бірнеше шығармашылық конкурстардың. М.Дулатов атынд. сыйлықтың лауреаты.

Г.Қадырәлі