Шайкин Есім Шәйкенұлы

ШАЙКИН Есім Шәйкенұлы (1926. Солт. Қазақстан обл. Жамбыл ауд. Үлгі а. – 2000) – Социалистік Еңбек Ері (1976). Еңбек жолын 1943ж. туған ауылында қоймашы болып бастаған, кейін сол ауданның Тегісшіл а-нда есепші болып жұмыс істеген. 1944 ж. Кеңес Армиясы қатарына алынып, Берлинді алуға қатысады. 1950 ж. Новорыбин май з-тының директоры, 1952 ж. ауд. партия к-тінің нұсқаушысы, 195-55 ж. Преснов ауд. комсомол к-тінің 1-хатшысы, 1985 – обл. қамтамасыздандыру бөлімінің меңгерушісі. 1994 – қызметтрерін атқарған. 1962 ж. Респ. совхоз басшыларын даярлайтын мектебін бітіріп. Заградов, “Тораңғыл” кеңшарларының директоры, Соколов ауд. атқару к-тінің төрағасы, Мәскеу, Сергеев ауд. партия к-ттерінің 1-хатшысы Жамбыл ауд. Киров кеңшарының директоры қызметтерін атқарған. Ордендермен және медалдермен марапатталған. Сергеев қ-ның құрметті азаматы.