Шайхутдинов Еренғайып Мәлікұлы

 ШАЙХУТДИНОВ Еренғайып Мәлікұлы (10.5.1933, Солт. Қазақстан обл. Жамбьп ауд. Қазан а.) – ғалым, химия ғыл. докт. (1976), проф. (1976), ҚР ҰҒА-ның акад. (1994). Қазақ КСР-нің еңбек сің. ғылым қайраткері (1991). М.Ломоносов атынд. Мәскеу нәзік хим. технологиялар ин-тын бітірген (1956). 1956-58 ж. Қарағанды синтетикалық каучук з-тының ауысым бастығы болып жұмыс істеғен. 1959-62 ж. Ломоносов атынд. Мәскеу нәзік химиялық технологиялар ин-тының аспирантурасында оқыған. 1963-71 ж. ҚазМУ-да аға оқытушы. допент. жоғары молекулалы қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі, 1983-88 ж. кафедра меңгерушісі, 1988-95 ж. Ленин атынд. Қазақ политех. ин-тында фи-зикалық және аналитик. химия кафедрасының профессоры, 1978-92 ж. Менделеев атынд. БХҚ Орталық басқармасы Президиумы кеңесінің мүшесі; ҚазПТИ-дің проректоры. ғыл. кеңес төрағасының орнбасары, 1994-2000 ж. Қ. Сәтпаев атынд. ҚазҰТУ-дың ректоры. 2000-2001 ж. ректордың кеңесшісі қызметтерін атқарған. 2001 жылдан осы ун-ттің мұнай, газ және полимерлерді қайта өңдеудің химиялық технологиясы кафедрасының профессоры. Ғьш. жұмыстарының басты бағыты – суда еритін полимерлердің негізіне желімдеуіш қосылыстардың қолданылуы және синтез мәселелері. “Құрмет” орденімен. Ы.Алтынсарин медалімен, т.б. медалдермен марапатталған. Солт. Қазақстан ун-тінің құрметті профессоры (1997). 9 монографияның, 5 оқулыктың, 100-ге тарта авторлық куәліктің және өнерта-быстық патенттердің иегері. Шығ: Простые виниловые эфиры в радикальной полимеризации. А.-А.. 1985; Винилаце-тиленовые производные пиперидина и полимеры на их основе. А.-А., 1991: Физико-химические и биокибернетические аспекты онгогонеза. А.-А., 1991 и др. Әдеб.: Шайхутдинов Е.М. // Биобиблиография ученых Казахстана. А., 2003.

К.Мұқанов